jasqazaq.kz

«Мені үш еркек зорлады» деген бойжеткеннің өтірігі ашылды

16 желтоқсан 2020, 10:13

Алматы облысында әйел адам көрінеу жалған сөз айтқаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Талғар аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігі бойынша 31 жастағы аудан тұрғынын ауыр қылмыс жасады деген айыппен көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Қоғамнан оқшаулау түріндегі қатаң үкім сотталушының бұған дейін де осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанымен байланысты болды.
2020 жылдың 26 наурызында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Бұрын жалған сөйлегені әшкере болған әйел тиісті қорытынды жасамаған және ішінде танысы бар үш ер адам зорлағанын айтып, шағым түсірген.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші жәбірленушінің жауаптарында бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтады. Содан кейін өтірігі әшкере болған өтініш беруші зорлық-зомбылық дерегі болмағанын мойындады. Танысына деген өшпенділікпен кек алу мақсатында жалған айыптағаны белгілі болды», — деп толықтырды Талғар АПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия