jasqazaq.kz

«Мен оны қазақ деп ойладым»: Жәния Джуринская күйеуі жайлы

02 наурыз 2022, 15:35

Жәния Джуринская күйеуі Данияр Хизметов екеуіне қатысты ел білмейтін қызықты деректермен бөлісті. Ол сүйіктісімен алғашқы кездесуі мен оның ұлты жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Екеуміз бір-бірімізді шамамен 2016 жылдан бері білеміз. Ол – іс-шаралардың жүргізушісі, ал мен – қонағы. Ортақ таныстарымыз көп. Оның сүйіктісі болды, ал менде ұшақтар, әуежайлар», – дейді Жәния.

Актрисаның айтуынша, екеуінің қосылуы – аяқ астынан болған құбылыс.

«Бір күні «киноға барайық» деп жазды (ол кезде басы бос еді). Ал мен өз қыздарыма қырсығып (сол күні қыдыруымыз керек еді), «кеттік» дедім.
Бірінші кездесуде оның көлігі бұзылып, сол күйі киноға жете алмадық. Оның орнына СТО-ға бардық. Өзінің айтуынша, сол кезде «оныкі» болатынымды түсінген», – дейді Джуринская.

Жәния мен Данияр 2 айдан кейін бірге тұруға шешім қабылдаған. Сол шақта карантин басталып, «тұзаққа түстік» дейді өзі.

«Пандемия кезінде бір-біріміз үшін жаралғанымызды түсініп, жарты жылдан кейін үйленеміз деп шештік», – дейді ол.

Жәния біраз уақытқа дейін күйеуін қазақ ұлтынан деп ойлап, қателескенін айтады.

«Тек кейін оның жартылай ұйғыр және жартылай дүнген екенін білдім. Қазақ екеніне сенімді болып, қазақша әзілдерді көпке дейін айтып жүрдім. Бір күні ол шыдамай: «Мен түсінбеймін, қазақ емеспін ғой», – деді. Бірақ оның ұлты ештеңеге әсер еткен жоқ», – деп ағынан жарылды Джуринская.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде