Мақпал Жүнісова қызы Мерей жайлы айтқан шындығы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.
Кезекті ән сапарының бірінде әнші сахнада тұрып, көрермендеріне бар құпиясын айтты.
«Бауырымызға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр?! Зәкең екеумізде екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын баласын сұрады. Менің анам Зәкеңе «Кет әрі!» деп айта алмады. Бірақ, Зәкең өзінің тегін берді. Зәкең қыз он сегізге келгенде айтамын деген. Қыз 20-ға келейін деп жатыр. Менің бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Қызым өзінің бауырларын білсін деп айттым. Кінәламаңыздар! Қызым жылап-жылап, менен кешірім сұрады. «Кешір, мама, мен қайда кетеді дейсің?! Бірақ, папамның фамилиясын өзгертпеймін» деді», — деп әнші ақ жарылды.