jasqazaq.kz

Мемлекеттің қажеттілігі үшін жер телімдері нарық бағасымен алынады

28 қантар 2019, 17:24

Мемлекет қажеттіліктері үшін жер телімдері нарықтағы баға бойынша қайтарып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2019 жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшысы Меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңға қол қойды. Миинстрліктің пікірінше, бұл құжат «мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін қайтарып алуда тең бағалы ақы төлеуге мүмкіндік береді». «Заңға сәйкес, енді мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдері құқықтардың туындау себептеріне қарамастан, нарықтық бағада қайтарып алынады», — делінген ресми хабарламада. Қазіргі уақытта қайтарып алынатын телімдердің құны кадастрлық бағада немесе азаматтық-құқықтық келісімшартта немесе сот шешімінде көрсетілген баға бойынша анықталып жүр. Бұл бағалар жер учаскелерінің нарықтық бағаларына сәйкес келмейді. Одан бөлек, мемлекет пайдасына берілген жер учаскесінің орнына меншік иесіне тең бағалы жер телімін беру шығындары үшін заң жүзінде әкімдіктер жауапты болады. «Осылайша, түзетулер азаматтардың алынған жер учаскелері үшін әділ қайтарым алуына бағытталған. Бұл мақсатта Жер кодексі мен «Мемлекеттік меншік туралы» Заңға сәйкес түзетулер енгізілді», — деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде