jasqazaq.kz

Мемлекеттік тудан қап жасап, қоқыс тасыған жүк көлігінің видеосы Алматыда түсірілмеген

28 маусым 2022, 17:29

Әлеуметтік желіде мемлекеттік тудан қапшық жасап, қоқыс тасыған жүк көлігінің видеосы тарады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде сенбілік өтіп жатқан жерде болған.

Яғни, қоқыс шығаруға арналған қапшық орнына еліміздің мемлекеттік туын қолданған.

Осы оқиғаға Жетісу ауданының әкімдігі түсінік берді.

«Видеодағы арнайы техника Алматы қаласы Жетісу ауданының санитарлық тазалығына жауапты мердігер ұйымдардың ешқайсысына тиесілі емес. Сондай-ақ Бөкейханов көшесінде Жетісу ауданының ұйымдары сенбілік өткізбегенін хабарлаймыз. Ұсынылған видеода Нұр — Сұлтан қаласына тиесілі аймақ-01 сериясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген»,- деп жауап берді әкімдіктен.

Сонымен қатар, Жетісу ауданы әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінен автокөлігінің кімге тиесілі екенін анықтауды өтінді.

«Өз кезегімізде біз видео авторын жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікке тарту үшін Алматы қаласының полиция департаментіне арыз түсірдік»,- деп атап өтті Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері.

Айта кетейік, қазақстандықтарға 2020 жылға дейін туды тіпті балконға ілуге рұқсат етілмеген еді.

Бірақ артынша қазақстандықтардың заңды қайта қарау керек деген өтінішінен кейін туды қолдану ережелері қайта бекітілді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр