jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметшілерге шетелдегі шоттарын жабуға 6 ай беріледі

21 желтоқсан 2020, 18:28

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілердің, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салуға қатысты заңдағы жаңа новелланың мән-жайын түсіндірді.

«Мемлекеттік қызмет – бірқатар шектеулерді қабылдауды көздейтін қызметтің ерекше түрі. Осы түзетулерді әзірлеу кезінде ел мен халықтың мүддесі үшін қызмет ету идеологиясы басшылыққа алынды. Енді мемлекеттік қызметшілерді қызметке тағайындау кезінде шетелдегі шоттарын жабу үшін алты айлық мерзім беріледі. Жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге қатысты сөз қозғасақ, оларға заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасынан тыс аумақта орналасқан шетелдік банктік шоттарды жабуға алты ай беріледі», — деді Олжас Бектенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің шетелдік банктерде шоттарының болуына құқығы бар жағдайлар айқындалған.

«Олардың қатарында: шетелде жұмыс істеу, оқу, тағылымдамадан өту, іссапар немесе емделуден өту, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде шетелде болу жағдайлары бар. Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе, мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш бере алады», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия