jasqazaq.kz

Мемлекеттiк қызметкерде «корочка» болмайды

31 қантар 2018, 14:53

Мемлекеттiк қызметшi құжатын заманауи бейдж алмастырады. Бастапқыда аталған жұмыс пилот түрiнде жүзеге аспақ. Бұл жайлы ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бiз кiтапша түрiндегi құжаттан бас тартпақпыз. Себебi, олар қажеттi-қажетсiз жағдайларда қолданыла бередi, әрi олар ескiрген. Кiтапшалар бiрнеше функциясы бар заманауи ID карталарға алмастырылады. Бұл ұсыныс бұрыннан жасалған. Президент әкiмшiлiгi де ұсынған, бiрақ дайын болмағандықтан кейiнге шегерiлген. Менiң ойымша, бiз қазiр осы бейдждерге көше аламыз. Көпшiлiгiңiз шетелде болып тұрасыздар. Ол жақтарда жеке куәлiктер керек емес. Олар ресми бейдж пайдаланады. Бейджде фотосуреттер мен жеке мәлiметтер орналасады. Бiз осыны өз агенттiгiмiзде пилоттық режимде сынаймыз. Одан кейiн барлық мемлекеттiк, орталық және жергiлiктi органдарға таратып көремiз», — дедi Шпекбаев кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде.

Атап өтсек, бүгiн агенттiк төрағасы мемлекеттiк қызметшiлер e-gov сервисiн белсендi пайдалану керек деген болатын.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды