jasqazaq.kz

Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен

25 мамыр 2022, 17:17

Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман — мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде бұл тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлеріне киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалтасына басқандығы анықталды.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды