jasqazaq.kz

Мемлекеттен грант алып, кәсіп бастаған

12 шiлде 2022, 10:10

Қоғамда белсенді әрі жеке кәсібімен айналысатын қыз келіншектер туралы ақпарат жиі жарияланады. Бұл соңғы уақытта бизнесте де әйелдердің үлесі бар екенін айқын көрсетіп отырғаны анық.

Қандай бизнес түрімен айналысу керек екенін шама-шарқына, қабілет-қарымына қарай таңдау әркімнің өз еркінде. Дегенмен бизнес және әйел дегенде жеңіл өнеркәсіп, тағам және қызмет көрсету салалары бірінші ойға оралады. Шымкент қаласының тұрғыны Ұлдана Шинасилова да кәсіпкерлігін тағам саласында бастаған.

Қазір кейіпкеріміз 4 баланың анасы. Қаладағы медициналық колледждердің бірін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алайда мамандығы бойынша отбасылық жағдайына байланысты жұмыс жасамаға. 2020 жылы «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификат алған.

2022 жылдың сәуір айында қайтарымсыз мемлекеттік гранттың бірінші легіне көпбалалы отбасы санатымен құжат өткізіп, сол айдың аяғында комиссияның алдында «Жартылай фабрикаттар өнімін шығару» бизнес жоспарын қорғап шықты. Нәтижесінде комиссия оның жобасын мақұлдап көп ұзамай грант қаражаты тағайындалған. Қазір көпбалалы ана грант қаражатына (400 АЕК) бірнеше құрал-жабдықтар сатып алып, ісін бастап кеткен.

—Жартылай фабрикаттарды дайындау сүйікті ісім. Бірақ оларды дайындайтын, сақтайтын құрал-жабдықтарым болмаған соң іске толыққанды кірісе алмай жүргенмін. Бағымды сынап, қайтарымсыз грантқа тиісті құжаттарымды тапсырдым. Жобамды сәтті қорғадым. Түскен қаржыға тоңазытқыш, нан илейтін әрі кесетін аппарат, мұздатқыш және т.б.заттар алдым. Қазір жартылай фабрикаттарымды жақын маңдағы дүкендерге өткізудемін. Жалпы, бұл біздерге берілген қармақ. Ары қарай сол қармақпен балық аулап отбасын асырау, жағдайыңды түзеу өз қолыңда, — дейді Ұлдана Шынасилова.

Мемлекеттік қайтарымсыз мемлекеттік гранттың бірінші легіне (поток) 400-ден астам өтінім келіп түскен. Оның ішінде комиссия қаралымына 336 — сы жолданған. Өз кезегінде комиссия 226 адамның бизнес жоспарын мақұлдаған.

Шымкентте бүгінге дейін 4 269 ана жұмыспен қамту шараларына тартылып, 1225 ана қоғамдық жұмыспен қамтылған. 2 882 ана тұрақты жұмыспен орналасқан. Сонымен бірге, 373 ана кәсіптік тегін оқу курсынан өтіп, 162 ана мемлекеттік грант алған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр