jasqazaq.kz

Мемлекеттен грант алып, ерекше кәсіп бастаған

23 мамыр 2022, 18:23

Шымкенттік Аллаберген Исаевтың жасы небәрі 26-да. Мамандығы – биотехнолог. Оның қазіргі кәсібі – қызық, білетінге – табысты, білмейтіндер үшін таңсық кәсіп.

А.Исаев өз кәсібін бастағанға дейін ғылыми-зерттеу институтында келісім шартпен жұмыс істеген. Кейіпкеріміз өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберіндегі қайтарымсыз мемлекеттік грантқа (583 400 тг) 29 жасқа дейінгі жастар санатымен өтінім берген.

Комиссия оның «Органикалық тыңайтқыш өндіру» тақырыбындағы бизнес жоспарын мақұлдайды. Тиісті қаражат есеп шотына түсісімен жас кәсіпкер іске кірісіп, 10 мыңға жуық калифорния шылаушынын, оларға қорек ретінде арнайы топырақ сатып алған. Осылайша тәуекелге бел буып, кез келген жан қызыға бермейтін ерекше кәсіпті есік алдындағы 50 шаршы метр жерде бастап кеткен.

Калифорниялық қызыл құрттар» деп аталуының да өзіндік себебі бар. Бұл кәдімгі жауын құрт, яғни шұбалшаңмен будандастырылып, шыққан түрі. Шығу тегі – Калифорния болғандықтан да, калифорниялық қызыл құрт атанған. Бір қызығы – гермофродит тіршілік иесі, яғни аталық не аналық болып бөлінбейді екен. Өз-өзімен көбейе береді. Тез көбеюге бейім.

–Шылаушын асырау арқылы топырақты тыңайтуға болады. Бұл құрттардың жейтін тағамы – органикалық қалдықтар. Ағаштан түскен жапырақ, төрт түлік малдың қиымен көректенеді. Бұл қалдықтар сатылмайды және кез келген жерден табуымызға болады. Бұл егін шаруашылығына таптырмас дүние. Қызыл құрттар осы қалдықтарды жеп, ішінен өңдеп, бізге биологиялық тыңайтқыш жасап береді. Биологиялық тыңайтқыш дегеніміз — өсімдіктердің өсуіне өте қажет зат. Мұны топыраққа сеуіп, шашатын болсақ, егістіктің өсуін 2-3 есе күшейтеді. Қазір тыңайтылған топырақтың бір келісін 70-80 теңгеден сатып жатырмын, — дейді кейіпкеріміз.

Шымкент қаласында 2021 жылы 700-ден астам азамат грантқа қол жеткізсе, соның 200-і жастар (29 жасқа дейінгі) санатындағылар. Ал, биылғы жылы 1000-нан астам азаматқа бірнеше лек бойынша грант тағайындау көзделіп отыр.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде