jasqazaq.kz

Мемлекеттен ақша алып беремін деп тақырға отырғызды

03 маусым 2019, 13:22

«Егер 70 000 теңге берсең, мемлекеттен берілетін көмек ақша 500 000 теңге шығарып беремін» деп ақша алған. Жетісай ауданында 35-тұрғынды алдап, ақшаларын жымқырған алаяқ ұсталды. Бұл туралы ernur.kz хабарлады.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, арызданады. Ол өз арызында Жетісай аудандық әкімшілік ғимаратында отыратын белгісіз азамат «құжаттарын қабылдап алып, егер 70 000 теңге берсең, мемлекеттен берілетін көмек ақша 500 000 теңге шығарып беремін» деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 70 000 теңгесін алдап алғанын көрсетеді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша аудандық полиция бөліміне тіркеліп, күдікті іздестіріледі. Күдікті оңай ақша табуға дағдыланып бұл әрекетін одан ары жалғастырып, келесі жәбірленушіні алдауға кіріседі. Бұл жолғы арызданушының айтуынша, ол «Өрлеу» бағдарламасына құжат тапсыруға барады. Құжаттарын қабылдаған азамат 350 000 теңге шығарып беретінін айтып, үстінен 50 000 теңге беруін сұрайды. Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші аталған соманы беріп, алданып қалған. Орын алған оқиға Жетісай АПБ-де сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс тіркеледі. Аудандық полицейлердің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтарының арқасында, жәбірленушілердің арызы бойынша күдіктіні анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ұсталып, ҚР ҚКнің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің бұдан бөлек осындай 35 іске қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 50-100 мың теңге аралығында ақша алған алаяқ, арызданушыларға жалпы құны 1 500 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті кінәсін толық мойындап, іс сотқа жолданған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде