jasqazaq.kz

Мемлекетке 10 млрд теңге зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды (Видео)

07 қазан 2021, 10:29

Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 10 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген бір топ адамды ұстады.

Қаржы мониторингі агенттігі ақшаны заңсыз жылыстатуға қарсы белсенді күресті еліміздің барлық аумағында жүргізеді. Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Тергеу барысында 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмасын құрғаны анықталды. Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған және тіркеу орны бойынша орналаспаған.

Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген. Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында «Рич Ресурс», «Тұмар ВКО», «Вос-Торг 1» компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүкқұжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған. Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы — 10,8 миллиард теңге. Сот үкімімен топ мүшелері – Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия