jasqazaq.kz

Мемлекетаралық іздеудегі алаяқ ақыры қолға түсті (фото)

05 мамыр 2020, 15:15

Алматы облысы Қаратал ауданының полицейлері Қазақстанның бірнеше облысында және мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады.

2018 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс полиция бөлімі Үштөбе қаласының 25 жастағы тумасына бөтеннің мүлікін ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Күдікті қаладан қашып, өзінің криминалды іздерін қалдыра отырып алаяқтық әрекетін әрі қарай жалғастыра берген.

Осылайша, ер адам сегіз қылмыс бойынша Қазақстанның алты аймағында құқық қорғау орган өкілдерінің көзіне түскен. Олардың қатарында: Алматы қаласының Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр және Алматы аудандары,сонымен қатар Ақмола, Павлодар және Алматы облыстары бар.

“Келіп түскен ақпаратты тексере отырып, біз күдіктіні қолға түсірдік. Іздеудегі азаматқа бірнеше сот тұтқындауға санкция бергені ескеріле отырып, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Енді оған айдауылмен негізді қылмыс жасады деп күдектелген жерлерге “гастрольдерін” жалғастыруына тура келеді”, – деп хабарлайды Қаратал АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі А. Б. Асылханов.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия