jasqazaq.kz

Мемлекет мұқтаж азаматтардың барлығына көмектеседі

24 наурыз 2020, 18:50

Мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. «Бүгін біз республикалық коммуникациялар орталығынан брифинг беріп отырмыз. Бұл штаб төтенше жағдай кезіне арналып, Президенттің тікелей тапсырмасымен ашылған болатын. Орталықтың жұмысы үш бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші — жалған ақпараттарды тауып, теріске шығару. Екінші — орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысын үйлестіру, болған жағдайларда бірлесіп, жедел әрекет ету. Үшінші — Coronavirus2020.kz сайтының жұмысын жүргізу»,- деді министр. Дәурен Абаевтың атап өтуінше, кеше Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы өте ауқымды шаралар туралы баяндады. «Өздеріңіз естігендей мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі. Ешкім қамқорлықсыз қалмайды. Президент сөзінің басты түйіні осы. Қазір журналистер мен азаматтардан келіп түсіп жатқан сұрақтардың басым көпшілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының іске асырылуына қатысты. Осы ретте бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметтің отырысы өтті. Барлық министрлер мен әкімдер кеше Президент берген тапсырмаларды орындау бойынша жол карталарын жасайды. Осыған орай баршаңыздан түсіністік танытып, Үкіметтің нақты тетіктерінің жариялануын күтуді сұраймыз», — деді ол. Министр Президент тапсырмаларының барлық пунктері орындалатындығын баса айтты. «Мысалы қазірдің өзінде кейбір адамдар табысынан айырылған азаматтарға төлемдерді қалай алуға болады, оған қандай құжаттар керек екенін сұрап жатыр. Қазір бұл тетіктер ұйымдастырылуда. Нәтижесі жақын уақытта белгілі болады. Төлемдер кімге тиесілі болса, сол азаматтардың барлығы алады. Алу тәртібін қосымша хабарлаймыз»,- деді Дәурен Абаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде