jasqazaq.kz

Мемлекет қиын кезде банктерге көмектесті – енді банктер халықты қолдауы керек

31 наурыз 2020, 21:55

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерді азаматтық жауапкершілікке шақырды.

«Қазір кәсіпкерлердің көбі ТЖ уақытында несиеге пайыз қоспауды сұрайды. Бұлай болса банктердің өзі де шығынға батады. Банктер де — біздің экономиканың ажырамас бір бөлігі. Сол себепті мен тағы да екінші деңгейлі банктерді конструктивизмге, азаматтық жауапкершілікке шақырамын. Банктер қиын жағдайға тап болғанда мемлекет оларға айтарлықтай көмек көрсетті. Ал қазір сіздерден халыққа және отандық бизнеске қолдау керек болып тұр», — деді Мемлекет басшысы халыққа жасаған мәлімдемесінде. Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда мемлекет қосымша директивті шараларды қабылдайтынын жеткізді. «Егер жағдай ары қарай ушықса, Үкімет мен қаржылық реттеушілер аталмыш мәселені шешу шараларын қабылдайды», — деді Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде