jasqazaq.kz

Мемлекет қаржысын игере алмай отырған органдарды атады

16 қазан 2018, 11:21


Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бөлінген 47 млрд теңге игерілмей қалғанын мәлімдеді.

Baq.kz  жазғандай, алдымен ол үкімет басшысының бюджет қаражатын тиімді игеру туралы ескертуі өз нәтижесін бергенін атап өтті. «Бақытжан Әбдірұлы, 8 айдың қорытындысы бойынша өткізілген отырыстағы сіздің ескертулерініңіз өз нәтижесін берді. Бюджет қаражатын игеру көрсеткіші жақсарды», — деді Әлихан Смайылов.
Алайда министр соған қарамастан кейбір мемлекеттік органдар қазына қаржысын игере алмай жатқанын жеткізді.
«Сондай-ақ 6,5 млрд теңге үнемдеу сомасын есептемегенде 9 айдың қорытындысы бойынша 47 млрд теңге игерілмеді. Бұл 8 айдың көрсеткішінен 33 млрд теңгеге аз. Ең көп игерілмеу соммалары келесі әкімшіліктерде: мәдениет және спорт министрлігі, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық экономика министрлігі және жоғарғы сот. Нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында жыл басынан бері игерілмей келген бюджеттік бағдарламалар біраз қаражаты оңтайландырылды», — деді ол.
Сөз соңында Смайылов аталған мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын тезірек игеруге шақырды.
«Жылдың аяғына дейін 51 жұмыс күні қалды. Барлық әкімшілер бюджетке бөлінген қаражатты толық игеруге шақырамын», — деп түйіндеді сөзін қаржы министрі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді