jasqazaq.kz

Мемлекет «Bek Air» компаниясын төртінші рет сотқа берді

20 қараша 2020, 22:52

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті «Бэк Эйр» компаниясын төртінші рет сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің қызметкерлері «Бэк Эйр» авиакомпаниясы жасалмаған рейстердің билеттері үшін ақшалай қаражаттарды қайтармағаны бойынша азаматтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осыған байланысты Алматы қаласының Түрксіб ауданының соты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төртінші талабын қарастырып жатыр. Оның талабы — авиатасымалдаушыдан құны 5 млн теңгеден асатын 147 билетті сатып алған 86 жолаушының қаржысын қайтару. Айта кетер жайт, бұдан бұрынғы үш талаптың нәтижесі бойынша сот шешімдері мекеменің жағында болды. Бірақ компания бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым бергенімен, сот өз шешімін өзгертпеді. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ақшалай қаражатты қайтару бойынша барлық шараны қолданады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық