jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беруді тапсырды

27 қыркүйек 2022, 13:20

2021 жылы Түркістанға «Түркі әлемінің рухани астанасы» деген мәртебе берілгенін еске салған президент үкіметке киелі шаһарға рухани және тарихи елорда мәртебесін беру мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл – Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз.

Осыған орай президент киелі шаһарды «рухани және тарихи елордамызға» айналдыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр