jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы өңірлердегі су тасқынының алдын алуды тапсырды

27 наурыз 2019, 15:14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте су тасқынының алдын алу бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент өткен жылы Қазақстанның 5 өңірінде мың жарымға жуық тұрғын үйді су алғанын баса айтты. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдерге аймақтардағы су тасқынының алдын алу үшін дер кезінде шара қабылдау тапсырылды», — деп жазды баспасөз хатшысы. Сонымен бірге, кеңесте көктемгі егіс жұмыстарына да көңіл бөлінді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы жоғары сапалы тұқымдармен, тыңайтқыштармен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды. «Қаржылық қиындықтарды бастан кешіретін проблемалық ірі агрохолдингтер мен шаруашылықтарға көңіл бөлу қажет. Үкіметке және әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарына мұқият дайындалуды және сапалы жүргізуді, барлық егістік жерлерді барынша айналымға тартуды тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда