jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

14 сәуiр 2022, 11:05

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігі Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үйлер алабын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау, жекеменшік сектордан инвестиция тарту жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, биылғы үш ай ішінде 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Қала экономикасына 154 миллиард теңгеден астам қаржы тартылған. Жекеменшік сектордан инвестиция тарту көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам қаржы тартылған.

Мемлекет басшысына сорғы-сүзгіш станциясының (ССС-3) құрылысы, нөсер кәріздері, кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ-2) жобалау, газды қазандықтар мен басқа да нысандар туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық орындарға (бақтар, саябақтар мен бульварлар) абаттандыру жұмыстары жүргізілетіні жөнінде айтты.

Президент қала жұртшылығының пікірін ескере отырып, елорданы жоспарлы түрде одан әрі дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр