jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

01 маусым 2022, 10:23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарға құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған.

«Балалар жылы» аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады. Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», — делінген Президент құттықтауында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық