jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Даниал Ахметовті қабылдады

04 қыркүйек 2020, 20:09

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысының экономикалық ахуалы жайында есеп беріліп, аймақтың қысқа мерзімді және келер жылға арналған даму жоспары, оның ішінде, өнеркәсіп өнімдері, ауылшаруашылығы, өндіріс салалары бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысы облыстың медициналық әлеуетін арттырып, коронавирус індетінің екінші толқынына дайын болу керектігін айтты. Даниал Ахметов өңірдегі жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орындардың санын 10 есеге көбейгенін, Президенттің тапсырмасына сәйкес тұрақтандыру қоры құрылғанын, жалпы құны 18 миллиард теңгеге медициналық құрал-жабдықтардың сатып алынып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар облыс басшысы өңірдегі ауылшаруашылығы саласының құрылымы өзгеріп жатқаны,

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар жайында ақпарат берді. Әкімнің айтуынша, Өскемен – Талдықорған, Семей – Майқапшағай күре жолдары қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек Даниал Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Биыл Семей қаласындағы автомобиль жолдары жөнделіп, 300 балаға арналған мектеп салынған. Тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, мұражай кешені толықтай жаңартылған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, облыстың ауылшаруашылық саласындағы экспорттық әлеуетін арттыруды тапсырды.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия