
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөх қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады.
Әсіресе, бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залына ерекше назар аударылды.
Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.
Сондай-ақ бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.
Бельгиял Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi