jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы: Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын

25 қараша 2020, 12:23

Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Біз «Рухани жаңғыру« бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыра береміз. Бұл аса маңызды құжат ұрпақтың санасын серпілтіп, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруға арқау болады. Мұнан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан ары кеңейтуге күш жұмылдырамыз. Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті кез келген шаруашылық қызметімен айналысқан жағдайда табиғатты сақтау және оны қорғау міндеті басты қағидаттың біріне айналатындығын баса айтты.

«Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады. Біз прагматизм құндылықтарын — үнем, қанағат және ұстамдылық мәдениетін орнықтыруымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия