Мемлекет басшысы: Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кетеді

23 маусым 2022, 16:39

Полицияның сервистік моделін қалыптастыруда халықпен тығыз жұмыс істейтін салаларға басымды беруілуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел ішіне ірткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп. Олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек», — деді Президент.

Ол үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екені де айтылды.

«Бүкіл құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – заңнаманың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Сол мақсатпен былтыр елімізде қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Бұл қадам азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Істерді тергеу сапасын арттырады. Сондай-ақ, заң нормалары дұрыс қолданылатын болады. Бірақ, Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру үшін қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру қажет. Сот төрелігі ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кететінін жақсы білесіздер. Бәріне бірдей, әділ әрі түсінікті заңнамасы бар ел ғана мықты болады. Біз барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек», — деді Мемлекет басшысы.

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады