jasqazaq.kz

Мемлекет ақшасына шетелден сатып алынған асыл тұқымды мал климатқа бейімделмей өлген

02 ақпан 2022, 15:32

Мал басын асылдандыру бойынша шетелден сатып алынатын төрт түлік көбінесе жергілікті климатқа бейімделе алмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы жылдары барлық селекциялық асыл тұқымды жұмыстар негізінен импорттық асыл тұқымды мал сатып алумен жүргізіледі. Оны сатып алуға және жеткізуге қыруар қаражат жұмсалды. Шетелден сатып алынатын мал көбінесе жергілікті климатқа бейімделмеген. Оның үстіне еліміздің аумағында бұрын кездеспеген түрлі жұқпалы ауруларды жеткізуші болуы да мүмкін. Бұдан басқа тиісті жем-жөп базасының болмауына байланысты мұндай малдың өлуі және өнімділігі төмендеген жағдайлар байқалды. Ал ұлтымыздың игілігі мен брендіне айналған қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымы сияқты отандық тұқымдар назардан тыс қалды. Осыған байланысты аталған отандық мал тұқымдарын дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр», — деген сауал жолдады депутат.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазір бізде ақбас тұқымды ірі қара малдың саны 390 мыңға жетті.

«Әулиекөлді алатын болсақ, 57 мыңға жетіп отыр. Осы жылы 1 млн-нан асамыз ба деген жоспарымыз бар. Өзіміздің асыл тұқымды малдар біздің ауа райына қолайлы. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қомақты қаражат жіберілуде», — деп түсіндірді жағдайды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр