jasqazaq.kz

Mемқызметшілердің жалақысы қалай өседі?

14 наурыз 2019, 12:29


ҚР Үкіметі нақтыланған үш жылдық республикалық бюджет бойынша бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 170 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэфицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», — дейді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Парламент Мәжілісінің ҚР 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауға арналған отырысында. Оның айтуына қарағанда, орташа есеппен айлық 25 пайызға, ал мамандардың жалақысы 25-30 пайызға, бөлімше басшыларының айлығы 10-15 пайызға өседі. Вице-министр өз сөзіне қарағанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге қатысты жұмыс жүргізіп жатқанын баян етті. «Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері бойынша белгілі бір ерекшеліктер бар. Жауапты органдар бүгінгі талқы барысында ол мәселе жайлы баян ететін болады», — дейді Татьяна Савельева. Еске сала кетсек, Президент «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді