jasqazaq.kz

Мемқызметшілер бір мезгілде Әнұранды орындады

04 маусым 2018, 17:29


Астанада «Министрліктер үйі» ғимаратында орналасқан ведомстволар қызметкерлері бір мезгілде Мемлекеттік Әнұранды шырқады.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Бүгін, 4 маусым күні ҚР Президентінің Іс басқармасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Әнұранның салтанатты орындалуын ұйымдастырды. Сағат 10-да Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Қызметкерлер кабинеттерінен шығып, дәлізде сап түзеп, Гимнді бірге орындады», — деп мәлім етті ҚР Президентінің Іс басқармасынан. Акцияны Министрліктер үйінде жұмыс атқаратын полиция полкы да қолдаған. Айта кетейік, Министрліктер үйінің жалпы ауданы 228 мың шаршы метрді құрайды. 1,5 шақырымға созылып жатқан ғимарат 20 блоктан тұрады. Онда Қазақстан Республикасының 27 мнистрлігі мен ведомстволары және олардың бөлімшелері орналасқан.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді