
Дүлей дауыл мектепті шатырсыз қалдырды. Қарағанды облысында қатты дауылдан жұлынған ғимарат пен көпқабатты үйдің шатырлары жинастырылып жатыр. Әсіресе, Көктас аулындағы клуб жабындысының 360 шаршы метрі желге шыдас бермей шашылып қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
РУС Яндекс.Директ Услуги спецтехники в Алматы! Узнать больше zemleroy.kz 0:000:00 Бөлісу: Дүлей дауыл мектепті шатырсыз қалдырды Қарағанды облысында қатты дауылдан жұлынған ғимарат пен көпқабатты үйдің шатырлары жинастырылып жатыр. Әсіресе, Көктас аулындағы клуб жабындысының 360 шаршы метрі желге шыдас бермей шашылып қалған. 26.04.2019 Жанып кеткен денесі табылған 8 жастағы қыздың туыстары жұрттан көмек сұрады Каратэші Ахметбеков қолына билік тисе темірдей тәртіп орнатамын деп отыр Ал қаланың өзінде көшелер мен саябақтарда жерге дұрыс бекімеген орындықтар қаңбақша домалады. Көбқабатты үй шатырларының әлсіз тұстары сыр берген. Қала шетіндегі №11 мектеп шатырының да 250 шаршы метрі жұлынып, жерге түсіпті. Абырой болғанда ешкімді жарақаттамаған. Қазір жұмысшылар құлаған шатырдың жарамды жерлерін жинастырып жүр. Олар ғимараттың үсті тез арада жабылмаса, жауын суы мектепті көл қылуы мүмкін дейді. Ал, білім бөліміндегілер сапасыз бекітілген жабындыны жел соққан сайын тапай қаламыз деп қынжылады.
Арман Бақтыбаев Қарағанды қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары:
— Жабынды соңғы 2-3 жылда үнемі қирап,жел тұрса ұшып жатады. Әсіресе спорт залдың төбесі. Қазір біз сол аумақтағы шатырды мызғымастай етіп бекітудің тәсілдерін ойластырып жатырмыз. Есептеп кесіп, пішкенен кейін, олқылық болмайтындай етіп қайта жасалады.