jasqazaq.kz

Мектептердің қаржылық шығындарын арнайы сайттан көріп отыруға болады

15 қыркүйек 2020, 12:25

Мектептерді жан басына қаржыландыру жүйесі алдағы уақытта толығымен ретке келтіріліп, шығындардың бәрін арнайы сайттан көріп отыруға болады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Біз білім саласының қаржыландырылуының ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Біріншіден, бөлек бюджеттік бағдарламаны іске асырған дұрыс. Білім саласына бөлінген қаражаттың дұрыс бағытта жұмсалып жатқанын бақылап отыратындай мүмкіндік болуы тиіс. Екіншіден, қай өңірге жергілікті атқарушы органнан қаражат жеткіліксіз бөлінді – оны ай сайын қарап, қадағалап, сайтқа іліп отыру керек. Оны қоғам білуі тиіс. Үшіншіден, қазір азаматтық бюджет деген ұғым бар. Әр мектептің, әр облыстың бюджеті, шығындары міндетті түрде сайттарында ілінуі керек. Бір компьютер сатылып алынса да – ол қандай, фотосы бар ма, актісімен бірге бәрі ілініп тұрады. Сонда ғана қоғамда білім саласына қатысты теріс ойлар болмайды», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министр әр мектепке осындай жүйе енгізілетінін мәлім етті.

«Бізде SEDA деген сайт бар. Сонда әр мектепте неше баладан бар – барлық ақпаратты енгізіп жатырмыз. Сол сайтта қаржыландыру мәселесі де бөлек қаралатын болады. Қанша қаражаты бар? Бюджеті қандай? Не сатып алды? Жалақы төлеуге қанша қаражат жұмсалды? Басқа да шығындардың бәрін содан көріп отырамыз», — деді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде