jasqazaq.kz

Мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

17 тамыз 2020, 16:47

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанның мектептерінде экологиялық білімге міндетті сынып сағаттары мен элективті пәндер енгізіледі. Бұл туралы интернет-конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министр шілденің басында үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы мектептерде балаларға экологиялық білім беру тақырыбын енгізуді тапсырғанын еске салды.
Білім министрлігінің басшысы қазіргі уақытта тиісті департаменттің алдында ел мектептеріне жаңа пәнді жедел енгізу міндеттелмейтінін айтты.
«Біз асықпауымыз керек. Біздің алдымызда Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау міндеті тұр. Бұл үшін біздің көзқарасымыз бен бағдарламамыз жан-жақты болуы керек», — деді Аймағамбетов.
Министр 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім беру тақырыбында эко-элективтер мен сынып сағаттарын көбейту жоспарланғанын атап өтті.
Бұған дейін ҚР ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева мектептерде жаңа пән енгізбес бұрын еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын қайта қарау қажет деп айтқан болатын.

 Stan.kz 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі