jasqazaq.kz

Мектептерде оқу аптасы ұзартыла ма?

27 тамыз 2020, 15:29

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде оқу аптасының ұзартылуына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай оқу аптасы ұзарту туралы шешімді мектептің өзі қабылдайтындығын айтты.

«Бұл мектептің құзыретіне кіреді. Егер сенбі күні де оқу қажет болып жатса, онда мұндай мүмкіндік бар. Бірақ, шешім білім беру ұйымының ата-аналармен бірлескен педагогикалық кеңесінде қабылданады», — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында министр мектептерде қашықтан оқыту 8 интернет платформада жүргізілетіндігін айтты.

Жалпы мектеп жасындағы 2,6 млн бала қашықтан білім алып, бастауыш сыныптың 530 мың оқушысы кезекші сыныпта, ал шағын жинақты мектептерде 202 мың бала дәстүрлі форматта оқитындығын мәлім етілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде