jasqazaq.kz

Мектептен қайтып келе жатқан: Алматыда ер адам оқушы қызды тонаған

26 қараша 2021, 13:30

Алматыда жасөспірім қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, қызы мектептен келе жатқанда белгісіз біреу оның қолынан IРhone ұялы телефонын тартып алған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті қамауға алынды.

«Полицияға жеткізілген 28 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде