
27 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында мектептің жоғары сынып оқушыларының арасында жанжал шығып, нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция осы оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіруге оқталу») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.