jasqazaq.kz

Мектептегі төбелес үшін директор жұмыстан босатылуы мүмкін

15 ақпан 2019, 16:02

Білім және ғылым министрі әкімдік өкілдеріне оқушыларға жәбір көрсетілген мектептердің директорын жұмыстан босатуды ұсынды. Бұл туралы Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Министрлік мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілеріне ешқандай шара қолданбаған. Бұл жергілікті атқарушы органдардың жұмысы. Бірақ биыл біз белгілі бір директорды жұмыстан босату туралы ұсынысты көпшілікке жариялаймыз. Оның ішінде әлімжеттік болған мектеп директорларын» — деді Сағадиев Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында. ЮНИСЕФ мәліметінше, қазақстандық балалардың 62 пайызы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Қаңтардың аяғында әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімнің кіші сыныпта оқитын оқушыларжы ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео таралған еді. Оқиға Түркістан облысында болған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда