jasqazaq.kz

Мектептегі бала тәрбиесі — сапалы білім кепілі

22 мамыр 2022, 11:54


Замануи талаптарға сай озық білім беру мектеп қабырғасында саналы ұрпақ тәрбиелеумен тікелей байланысты. Отандық педагогтар мен ғалымдар бұл мәселеде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Алматы қаласы білім басқармасының бастамасы негізінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясы дайындаған «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми -тәжірибелік тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы бұған айқын дәлел.

Кеше бір жыл бойы жүргізілген осы жұмысты қорытындылау мақсатымен Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты тақырыппен республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Жобаның ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы Асқарбек Құсайыновтың айтуынша, барлық дамыған елдер бірінші кезекте бала тәрбиесін басты назарда ұстайды. Ғалымның пікірінше, адам тәрбиесі, бала тәрбиесі қазір қоғамда өте маңызды проблема болып тұр. Білім сапасы ерекше дамыған елдерді алып қарасақ, олардың жетістігін зерделейтін болсақ, сол елде ең алдымен бала тәрбиесіне көңіл аударып отырғанын байқаймыз. А. Құсайынов осы орайда «Кім бала тәрбиесіне көп көңіл аударады, сол елдердің білім сапасы жоғары болады. Екінші — ұстаз. Ұстаздық қызметке икемді, жақсы атқаратын адамдар көп болу керек. Біз білім сапасын көтеруді ойластыра келе, қалалық білім басқармасының бастығы Ләззат Әуесханқызымен ақылдаса келе, Алматыдағы қазақ аралас мектептерінде тәрбие беру жүйесін жүйелі түрде ғылыми-практикалық тұрғыда бір жүйе жасасақ деген ой келді. Оның мақсаты — мектепте бастауыш сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін жүйелі түрде тәрбиелеу. Сол жобаның тұжырымдамасын жасадық» дейді.

Конференцияда сөз алған Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева бала тәрбиелеуде әр елдің өз ата-дәстүріне негізделген жобасы болу керек деп есептейді. Белгілі педагог «Бала тәрбиесі қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Көптеген озық елдердің оқыту жүйесін қабылдап ала аламыз, бір-ақ нәрсені ешбір елден үйрене алмаймыз. Ол құндылық, тәрбие мәселесі. Мағжан Жұмабаев педагогикалық еңбегінде жазған: «Тәрбиеші тәрбиені сол ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы береді». Яғни тәрбиені ешбір елден үйрене алмаймыз. Оны тек сол елдің ғалымдары жазу керек, ұстаздары іске асыру керек, – деді.

Тұжырымдама аясында 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Онда алты бағыт бар. Бірінші — мектептің мәдени тәрбие ортасын қалыптастыру; Екінші — ұлттық тәрбие; Үшінші — отбасы тәрбиесі; Төртінші — балалардың салауатты өмір салты; Бесінші — ақпараттық коммуникациялар құзыреті.Алтыншы — балаларды келешекте еңбек жолын таңдауға көмектесу.

Жаңа нұсқаулықтар былтыр көп тиражбен шығарылып, қаланың қазақ аралас мектептерге таратылды. Биылғы жылдың басынан бастап, жұмыс басталды. Осы №140 гимназия эксперименттік жоба бойынша тірек мектеп болды.

Педагог — ғалым аталған жобаның сол бағдарлама негізінде өткізіліп отырғанын жеткізді. Жиында мектеп директорлары осы жобаға қатысты өз пікірін ортаға салды.

Жобаның жетекші идеясы – рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, патриот, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, парасатты, адал ниетті ұрпақ тәрбиелеу жұмыстарын іске асырудың ғылыми негізін жасап, оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру механизмдерін дайындап, іске асыру болды.

Жоба көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасы дайындалып, педагогика саласындағы маңызды құжат мақұлданды. мақұлданды. Мектептерде нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында, тұжырымдама аясында, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалып, барлық қазақ және аралас мектептерге берілді. Оларды кеңінен түсіндіру мақсатында видеодәрістер дайындалды. Арнайы эксперименттік мектептер белгіленіп, жүйелі жұмыстар жүргізіле бастады.

Жоба аясында өткізілген конференцияның пленарлық және секция отырыстарында 30-дан аса баяндама жасалып, конференция резолюциясы талқыланды. Конференция жұмысына қатысқан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Сүлейменова, ардақты ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері А.Миразова, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Біләлов, ҚазҰҚПУ ректоры Г.Қанай, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазӘТУ белгілі ғалымдары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, білім беру саласы мекемелері мен ата-аналар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Алқалы жиыннға қатысушылар осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатымен бірнеше баптан тұратын қарар қабылдады.

Айдос Құсайынұлы,
Алматы қаласы

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр