jasqazaq.kz

Мектепте жылу жүйесі жарылды (Видео)

28 қараша 2022, 16:07

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында сабақ кезінде жылу жүйесі жарылып, оқушылардың күйіп қала жаздағаны туралы видео тарады. Осыған байланысты білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуезов аудандық білім бөлімі әлеуметтік желіде жарияланған бұл оқиғаның 2020-2021 оқу жылында, нақты айтқанда наурызда №175 гимназияның қазақ тілі кабинетінде болғанын айтты.

«Екінші ауысымның үшінші сабағынан кейінгі үлкен үзілісте жылыту жүйесі жарылды. 6-сынып оқушылары аяқтарына су тимес үшін орындық, партаның үстіне шығып алды, балалар зардап шеккен жоқ. Жүйедегі апатты мектептің техникалық қызметкерлері бірден жөндеді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Кесікбаева дер кезінде әрекет етпей, оқушылар әбігерге түсті»,- деп хабарлады ведомстводан.

Функционалдық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін қазақ тілі мұғаліміне тәртіптік жаза қолданылған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр