jasqazaq.kz

Мектепте зеректігімен емес, сұлулығымен танымал болған қыз

24 сәуiр 2018, 10:18


Бүгінде Алматы облысында тұратын Айнаштың есімі ауылдастары арасында аса танымал. Мектеп қабырғасында жүргеннен бастап-ақ жігіттермен кездесуге әуестенген ол қазір 27-ге келсе де тұрмысқа шықпаған.

Nur.kz  хабарлағандай, жігіттерді жиі ауыстыратын бойжеткен өзінің өмірі мен арманы туралы айтып берді.  Айнаштың айтуынша, ол мектепте оқуда зеректігімен емес, сұлулығымен танымал болған. Десе де, үлгерімі нашар болғаны үшін еш қиналып көрген емес. Себебі ол мектептегі ешкімнің қолы жетпес сұлулардың бірі болғанын айтып, мақтанды.
«Иә, жігіттермен мектеп кезінен бастап жүрдім. Сегізінші-тоғызыншы сыныптарда маған сөз айтатындар қатар көп болатын. Оқу бітірген соң да менің қыр соңымнан қалмайтындар өте, өте көп болды. Жасырмаймын, маған бұл ұнайды. Ал еркектер мені жақсы көретініне сенімдімін», — дейді бойжеткен.
Айтуынша, ол ЖОО түспеген, есесіне шаштараз мамандығын бітіріп, бүгінде сұлулық салондарының бірінде жұмыс істейтін көрінеді.
«Мен оныншы сыныпта қыздығымнан айырылдым. Ол үшін өкінген кезім де болды. Алайда қазір маған бәрібір. Бір жігітпен бір ай, тіпті одан да аз уақыт қана жүре аламын. Маған төсек қатынасын ұсынатындар көп. Бірақ көңілім қалаған адаммен ғана жақындасуым мүмкін. Жігіттер мені емес, мен оларды тастаймын», — дейді Айнаш.
Айнаштың айтуынша, ол бірнеше рет жасанды түсік жастқан. Ал тұрмысқа шықпауының себебін ол былай түсіндірді.
«Мен де балалы болғым келеді, жар сүйгім келеді. Бірақ бұл мүмкін емес сияқты көрінеді. Мен бір ғана адамның етегінен ұстап жүре алмайтын сияқтымын. Маған осы өмірім ұнайды. Шетелге апаратын үлкен кісілерім бар.
Олармен бірнеше айда бір кездесуім мүмкін. Кейінірек өзіме бір бала туып алу туралы ойланатын шығармын. Бірақ, отбасы бола тұра жас қыздарға көз салып, тек төсек туралы еркектерді көргенде оларға махаббат емес, азап сыйлағым келеді. Сол үшін де тұрмысқа шықпаймын», — дейді ол.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді