jasqazaq.kz

Мектепте уланғандар саны 39-ға жетті

19 наурыз 2019, 10:52

Шымкент әкімшілігінің өкілдері № 54 орта мектептегі жаппай улануға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«18 наурызда 16:53-те № 54 орта мектепте белгісіз нәрседен жаппай улану тіркелді. Дереу түрде төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы, жедел жәрдем бригадасы, әкімшілік қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері келді. Жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», — деді әкімшіліктегілер. Белгісіз заттан 4-7 сыныптың 22 оқушысы, бір мұғалім, мектептің бір техникалық жұмысшысы уланған. Олардың бәрі де № 6 Шымкент қалалық поликлиникасының токсикологиялық бөліміне жеткізілді. «Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс нәтижесінде тағы 15 баладан улану белгісі анықталды, олар да қазір ауруханада. Жапа шеккендердің бәрінде де — жеңіл дәрежедегі улану. Мектептің барлық оқушысы мен мұғалімі бақылауға алынды. Ауруханаға жеткізілген 39 адам қажетті медициналық көмекті алған соң үйлеріне жіберілді», — делінген хабарламада. Олардың бәрі енді тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауында болады. Жұмыс тобы төтенше жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмысты жалғастырады. Мектептің және оның айналасындағы ауаның сынамасы алынды. Мектепте табиғи газдың шығуы жайлы ақпарат расталған жоқ. Жағдайды қала әкімі өз бақылауына алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде