
Бұған дейін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева алдағы оқу жылының оқу-тәрбие үдерісінің бір ерекшелігі – 5-11-сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» атауымен курстың енгізілуі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» курсы 5-11-сыныптарда факультатив форматында оқытылатынын түсіндірді.
Курс мынадай модульдерден тұрады:
Қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері,
«Азаматтық»
«Адалдық және этика»
«Экологиялық мәдениет»,
«Сыни тұрғыдан ойлау»,
«Зайырлылық және дінтану негіздері»,
«Медиасауат».