jasqazaq.kz

Мектепте оқыс оқиға орын алды

04 наурыз 2020, 15:42

Оралда мектептегі оқыс оқиға салдарынан ғимараттан 660 адам шығарылды. БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 12.18-де А.Макаренко атындағы №6 орта мектепте болды.

Химия кабинетінің зертханасында сабақ кезінде химиялық реагенттерді пайдалануда қауіпсіздік талаптары бұзылған. Соның салдарынан бу шыққан, дегенмен ол жануға ұласпаған. Мектеп қызметкерлерімен бірге ғимараттан 660 адам эвакуацияланса, соның 600-і – оқушылар. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департаменттен 56 қызметкер, 16 техника барды. «Химиялық реагенттермен жұмыс қауіпті. Өйткені химиялық реагенттер адамдарға қатты әсер етуі мүмкін. Сондықтан жұмыстың бұл түрін суырмалы шкафта жүргізу басты талап болып саналады. Осы қауіпсіздік шарасы сақталмаған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.

inform.kz

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі