jasqazaq.kz

Мектепте қоңырау соғылмайды. Неге? (видео)

22 ақпан 2018, 10:46


Жарық дүние есігін жаңа ашқан нәрестенің тұңғыш алған сыйлығы домбыра. Сыр өңіріндегі ана мен бала орталығында дүниеге келген 20 сәбиге қазақтың төл аспабы тарту етілді. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның көздегені – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жастайынан сіңіру.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген шумаққа сүйенген ұйымдастырушылар халықтық педагогикада ұлттық аспабтың алар орны ерекше екенін айтады. Болашақ қамшы ұстар ұл мен кесте тігер қыз балалардың санасында домбыраның сазды үні үнемі жаңғырып тұруы тиіс.

Нұрлыбек Мыңжас, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы:

— Әр домбыраға дүниеге келген сәбидің атын жазып, қолына табыс етілді. Ұлттық болмыстан ажырамасын деген мақсатпен осындай жұмыстар ұйымдастырып жатырмыз.

«Домбыра Fest» домбырашылар флэшмобы қала мектептерінде де дүркіреп өткізілді. Білім беру ұйымдарында «Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің өнерпаздары Сыр сүлейлерінің делебені қоздырар туындыларын орындады.

Қамбар Бекенов, тілші:

— Қаладағы №1 Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары рухани мән-маңызы ерекше қанатқақты жобаны қолға алып отыр. Білім ордасында енді сабақ арасындағы үзілісте сыңғырлаған қоңырау соғылмайды. Оның орнына ұлттық өнердің мәйегі саналатын күмбірлеген күй ойналады.

Тоғжан Арын, оқушы:

— Қазақ даласының музыка өнеріне деген байлығы өзіме сезілді. Сабақтан шаршағанымыздың барлығы осы музыканы тыңдаған кезде барлық ойымыз бөлініп, музыкаға мән беріп, жақсы сергіп қалдық.

Шара аясында жоғарғы оқу орындарының студенттеріне шайыр-жыраулардың өнегелі өмірі баяндалып, ұлттық аспаптар бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Сондай-ақ аймақтағы кенже қалған домбыра үйірмелерінің жұмысын жандандыру жоспары пысықталды.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды