jasqazaq.kz

Мектепте қанды қырғын ұйымдастырғандар қамауға алынды

17 қантар 2018, 14:44

Сот шешімі бойынша Пермь мектебінде пышақтасқан оқушылар екі айға қамауға алынды, — деп хабарлайды РИА Новости аймақтық прокурорға сілтеме жасап. Прокурордың сөзінше, әзірше күдіктілер ауруханада. Ал жағдайы түзелгенде тергеу абақтысына жеткізіледі. Соттың жылжымалы отырысы №4 ауруханада өткен.

Тергеу нұсқасы бойынша, дүйсенбіде мектеп бітіргендер мен оқушылар арасында төбелес болған. Жанжал кезінде олар пышақ қолданған. Оларды мұғалім мен төртінші сынып оқушылары ажыратпақ болған екен. Осының салдарынан 15 адам зардап шеккен. Дегенмен кей куәгерлер жасөспірімдер мұғалім мен оқушыларға әдейі шабуылдағанын айтады. Мұғалім 15 рет жарақат алып, ауыр халде жатыр. Бұл оқиғаға қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу бойынша іс қозғалды. Еске сала кетейік, бетперде киген екі адамның мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтағаны хабарланған еді. Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған.

tengrinews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды