jasqazaq.kz

Мектепте газдалған сусындарды сатуға тыйым салды

29 маусым 2018, 17:05

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов фаст-фудты шектеуге қатысты пікір білдірді.

 ҚазАқпарат  хабарлағандай,  «Әрине, денсаулыққа зиянды өнімдерді шектеуге қатысты алдымен мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолға алынуы қажет. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі мектептерге арналған санитарлық ережелерді шығарды. Біз мектептерде газдалған тәтті сусындарды сатуға тыйым салдық. Сосын кондитерлік өнімдерді сатуға болмайды. Сондықтан осыны қоғам болып бақылау қажет. Ата-аналарға айтарым, мектептерде шоколад, кола мен тәтті сусындарды сатса, бірден қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне xабар беріңіздер. Олар бәрін тексеріп, тиісті шараларды қолға алады», — деді Е.Біртанов xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде. Министрдің айтуынша, адам денсаулығына зиянды өнімдердің саудасына тыйым салу қиын. Оған қоса, аталған компаниялар өз тауарларын жан-жақты жарнамалап отырады. «Дегенмен, қоғамдық денсаулықты дамытудың кешенді жоспары аясында нақты талаптар бар. Аталған стандарттардың барлығы мектептерге таратылды. Сол бойынша балаларды тамақтандыруды жүргізеді. Ал үйде біз өзіміз балаларды дұрыс әрі пайдалы тамақты таңдауға үйретуіміз керек. Меніңше, бұл — басты мәселе. Біз өзіміз ата-ана болып, балаларға үлгі көрсетпесек, салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыра алмаймыз. Негізі, фаст-фуст біздің xалқымызға да, мәдениетімізге де жат нәрсе. Оны алмастыратын тағамдарымыз көп», — деп атап көрсетті Е.Біртанов.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді