jasqazaq.kz

Мектепте апат болып, 9 оқушы ауруханаға түсті

30 қараша 2018, 19:15

Ақтөбедегі №40 орта мектептің төбе жапсырмасы құлап, 9 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі №40 орта мектепте мерекелік шара өтіп, ер балалар киінетін бөлмеде дайын тұрды. Дәл сол кезде флешмоб билейтін 10 баланың үстіне төбе жапсырмасы құлап, 9 оқушы ауруханаға түсті. «Мектепте мерекелік шара ұйымдастырылды. Сағат 12:40 шамасында мәжіліс залы жанындағы киінетін бөлмеде төбе жапсырмасы құлады. Флэшмоб билейтін бір топ бала сол жерде тұрған еді. Қабырғасы биік бөлме. Балалардың өрмелеп шығуы, таяқпен түркілейтіндей жағдай болмады. Төбе жапсырмасы ілінген сым үзіліп кеткен», — деді №40 орта мектеп директоры Бауыржан Сарин. Төтенше жағдай тіркелген соң оқушылардың бәрі мектептегі медицина бөлмесіне апарылып, дәрігер тексеру жүргізді.

Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі жедел жәрдемге қоңырау шалды. «Балалардың денсаулығын тексеру үшін жедел жәрдем шақырылды. Сүйегі сынып, басы жарылған ешкім жоқ. Тексеріп, анық-қанығына көз жеткізгіміз келді. Бөлмеде болған 10 балаға зақым келді. Оның біреуі мектептен үйіне жіберілсе, қалған 9-ын жедел жәрдем көлігі облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Рентгенге түсірді. Мен балалардың жағдайын білу үшін ауруханаға бардым. Бәрі жақсы»,- деді Бауыржан Сарин. Айта кетейік, зардап шеккендердің бәрі 6 сынып оқушысы. Мектепке төтенше жағдайлар қызметі, қалалық әкімдік өкілдері мен білім бөлімінің мамандары барған. Мектеп директоры Бауыржан Сарин мәжіліс залын, төбесі құлаған бөлменің жабық тұрғанын, кілтін шаруашылық бөлімінің жұмысшысы алып кеткенін айтып, оқиға орнын көрсетуге қарсылық білдірді. Алайды ҚазАқпарат тілшісі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды көріп, төбесі құлаған бөлмені суретке түсіруге мүмкіндік алды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді