jasqazaq.kz

Мектепте ақша жинауды кім ұйымдастыратыны белгілі болды

09 қазан 2018, 17:24

Мектептерде ақша жинау шараларын негізінен ата-аналар комитеті ұйымдастырады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева мәлім етті.

«Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізу қажеттігін атап өтті. Президент мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын қысқарту жөнінде одан әрі шаралар қабылдауды, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру мәселесі бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату туралы тапсырма берді. Астанада ақпан айынан бастап Агенттіктің әкімдікпен бірлескен «Астана — адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба — тұрмыстық жемқорлықты жоюға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған», — деп тоқталды Жылқышиева. Мемлекет басшысы атап өткендей, білім беру жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыстар атқарылды. «Соңғы 4 айда Білім басқармасының және оның бағынысты ұйымдарының қызметіне талдау жүргізілді. Оған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, «жасырын» мемлекеттік қызметтердің, нормативтік құқықтық актілердегі және әкімшілік кедергілердегі қайшылықтардың болуы себеп болды. Жоба қоғамдық ұйымдармен бірлесіп оқушылардың ата-аналары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, сауалнама нәтижесі білім беру мекемелерінде мектептің немесе сыныптың қосымша қажеттіліктері үшін жиі ақша жиналатындығын көрсетті. Негізінен қаражат жинау «ата-аналар комитеті» арқылы жүзеге асырылады», — дейді департамент басшысы. Осы орайда, жоба кеңсесі ҚР Білім және ғылым министрлігіне ата-аналар комитетіне тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізілген. «Ата-аналар комитетінің қызметі регламенттелмеген және тұрмыстық жемқорлықтың туындауына себеп болады. Білім беру мекемелерінің азаматтармен өзара әрекеттесуінің кез-келген тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.Қабылдау, ауысу, гранттар бөлу, жатақханадағы орындарды анықтау және басқа да барлық осындай процестер тиісті нормативтік құқықтық актілерде анық көрсетілген», — деді Жазира Жылқышиева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде