
Шабуыл кезінде бір оқушы жарақат алды. Мектепке шабуыл жасалғаны жөнінде ақпаратты жергілікті билік өкілдері растап отыр. Ал сол аймақтағы араздасқан екі тарап оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойындарына алмаған. Олар бірін-бірі әлі айыптап отыр. Бұған дейін бір-біріне оқ атпау келісімі осымен бірнеше рет бұзылған. Естеріңізде болса, әлем елдерін алаңдатқан Ливия мәселесі жуырда Берлиндегі халықаралық конференцияда кеңінен талқыланған еді. Конференцияға қатысушылар БҰҰ қару-жарақ эмбаргосын қолдауға келіскентұғын.