jasqazaq.kz

Мектепке білім алу үшін емес, таяқ жеу үшін баратындай

19 қазан 2017, 15:32

Астаналық оқушының анасы Анастасия Бижова қызының денесінің әр тұсы көгергенін айтып, мектеп әкімшілігінің үстінен шағымданды. Бұл жайлы  NewTimes.kz  порталына  сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Анастасияның сөзінше, оның қыздары 5  және 7 сыныптарда оқиды екен. Алайда соңғы уақыттары қыздары мектепке білім алу үшін емес, таяқ жеу үшін баратындай әсер қалдырған.

“Былтырғы жылы үлкен қызым аяқпен тепкен. Абдырап қалған қызым, тіпті не болғанын да түсінбей қалған. Оның жағдайына ешкім де мән бермеген. Ең қызығы, білдей бір оқу орнында медбике де жоқ болып шықты. Қызым қолының ауырғанын айтып шағымданғанымен ешкім де жедел жәрдем шақырмайды”, – дейді Анастасия.   Кейін әйел осы мәселені бірнеше рет көтергеніне қарамастан, оған ешкім құлақ аспаған. Бұл жағдай уақыт өте келе ұмытылып та кетер ме еді кім білсін, егер 2017 жылдың 6 қазанында оның кіші қызы да қолайсыз жағдайға тап болмағанда.

“Жұма күні менің қызымды аяқпен бетінен, кеуде тұсынан тепкен. Ол баспен жерге құлап, бет-ауызы көгеріп қалды. Оған сынып жетекшісі алғашқы көмекті көрсетіп, сосын маған хабарласты”, – дейді әйел.

Кішкентай қызы бір апта бойы ауыр жағдайда ем қабылдаған. Осыдан соң мектепте үлкен жиналыс өткен. Бірақ әйелдің сөзінше, оқу мекемесінде қордаланып қалған мәселелер көп болғанына қарамастан, жиналыс бойы тек ақша мәселесі ғана айтылған. “Мұнда тұрақты сабақ кестесі жоқ, 700 баланың орнына 2000 бала оқиды, медбике жұмыс істемейді, былай айтқанда, берекесіздік орын алған” дейді ол.

“Мен балаларымның үйден кеткендегідей көңілді, аман-сау оралғанын қалаймын. Егер мектеп әкімшілігі оқу процесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаса, алғашқы медициналық көмек көрсетпесе, туындаған проблеманы шеше алмаса несіне жұмыс істеп отыр”, – дейді ашынған ана.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде