jasqazaq.kz

Мектепке бармаған 8 жасар бала анықталды

16 тамыз 2019, 10:51

Алматы қаласының ювеналды полиция қызметкерлері мектепке мүлдем бармаған 8 жастағы ұл баланы анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл күндері мегаполисте «Демалыстар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтуде, оның негізгі міндеттерінің бірі оқумен қамтылмаған балаларды анықтау. «Біздің бөлімнің ювеналды полиция қызметкерлері 2011 жылы дүниеге келген К. ұлды тапты, ол әлі күнге дейін мектепте оқымайды. Қыркүйек айында бала кем дегенде екінші сыныпқа баруы керек. Ол ұзақ уақыт бойы ата-анасымен Алматы облысының Талғар ауданының таулы аймағында тұрды. Мектепке бармауының себебі де осы. Қазір бала әжесімен бірге біздің ауданда тұрады. Ол міндетті түрде мектепке барады. Тиісті өтініш аудандық білім бөліміне жіберілді. Айтпақшы, кішкентай бала өте ақылды, көпшіл, дені сау және көп нәрсені үйренгісі келеді. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы толықтай мектепке дайындауға әзір. Оқуға қажетті барлық керек-жарағын алып береміз», — дейді Алматы қалалық ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. Сонымен бірге, полиция «Мектепке жол» акциясы аясында инспекторлар тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын хабарлады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда