jasqazaq.kz

Мектеп салуға бөлінген ақшаны жымқырған басшы Чехиядан табылды

02 шiлде 2018, 10:59

Алаяқтық қылмысы үшін күдікті Владимир Чаплинский Чехиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

«Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Владимир Чаплинскийді экстрадициялады. Анықталған тұлғаны беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының тиісті сұраун Чехияның Әділет министрлігі қанағаттандырды», — делінген таратылған хабарламада. Атап өтілгендей, Чаплинский 2007 жылы «Агат-7» ЖШС-нің директоры лауазымында болған кезінде, мемлекеттік мекемемен Балқаш қаласында мектеп салуға шарт жасасқан. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді енгізіп отырған. Оған 39 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды. «Чаплинский қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, халықаралық іздеуде болды. Бас прокуратура оның елге берілу жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келді», — деді ведомстводан. Қазіргі уақытта В.Чаплинский Астана қаласының тергеу изоляторында.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді